11.10.2007, 18:27 3080

Президент "Самұрық" мемлекеттік холдингінің атқарушы директорын қабылдады

Президент "Самұрық" мемлекеттік холдингінің атқарушы директорын қабылдады.

Астана. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін". - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі" АҚ-ның атқарушы директоры Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, холдинг басшысы президентті "Самұрық" компаниялар тобын дамытудың үстіміздегі жылдың сегіз айындағы жұмыс қорытындылары туралы, сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асырудың келешегі жөнінде хабардар етті.

""Самұрық" холдингіне қарасты компаниялар тобының табысы былтырғы жылмен салыстырғанда, орташа есеппен 10-нан 44 пайызға дейін артқан. Мәселен, "Эйр Астана" компаниясы табыстың сенімді өсімін көрсетіп отыр. Мен Мемлекет басшысына теміржол саласын одан әрі реформалау және "Қазақстан темір жолы" АҚ-ындағы менеджменттік жұмыстарды жақсарту жөніндегі жоспарларымыз туралы баяндап бердім. Сондай-ақ кездесу кезінде электр энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды дамыту мәселесі және Қазақстан аумағы бойынша транзиттік газ құбырларын салудың келешегі егжей-тегжейлі талқыланды", - деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны