15.05.2009, 16:44 2770

Президент Ұлттық банкке, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі мен үкіметке ұлттық қаржылық архитектурасының жаңа тұжырымдамасын жасауды тапсырды

Президент Ұлттық банкке, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі мен үкіметке ұлттық қаржылық архитектурасының жаңа тұжырымдамасын жасауды тапсырды

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі мен үкіметке ұлттық қаржылық архитектурасының жаңа тұжырымдамасын жасауды тапсырды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен Ұлттық банк пен Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігіне мен алға қойған барлық мақсаттар кешенін жүзеге асыру үшін ішкі ресурстарды тарта отырып, ұлттық қаржылық архитектурасының жаңа тұжырымдамасын жасауды тапсырамын ", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, барлық жұмыстар Қазақстандықтардың жаппай индустрияландыру мақсатын түсінуіне бағытталуы тиіс және бұл қазіргі кезеңде жалпыұлттық даму идеясына айналуы қажет.

"Біздің дағдарыстан кейінгі қатаң бәсекелестікке төмеп бере алатындығымыз, экономикалық және саяси тәуелсіздікті сақтап қала алатындығымыз осыған тікелей тәуелді", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны