28.02.2007, 15:11 8104

Президент "Үш тілдің бірлігі" артты мәдени жобаны кезеңмен жүзеге асыра бастауды ұсынады

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Үш тілдің бірлігі" артты мәдени жобаны кезеңмен жүзеге асыра бастауды ұсынады. Бұл туралы мемлекет басшысы жолдауының "Еліміздің ішкі -сыртқы саясатының маңызды 30 бағыты" атты екінші бөлімінде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Қазақстанды дүниежүзі үш тілді қатар тұтынатын жоғары білімді халқы бар білікті ел ретінде қабылдауға тиіс. Бұл - мемлекеттік тіл- қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі- орыс тілі мен ғаламдық экономикаға табысты интгерациялану тілі- ағылшын тілі",- делінген жолдауда.

Сонымен бірге президенттің пайымдауынша, "Қазақстан халықтарының рухани даму қоры" атты қор құру мүмкіндігін зерттеу қажет. "Қор мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігі мен тиісті қоғамдық ұйымдарды тарту арқылы елімізде тұратын халықтардың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамытуға тұрақты мониторинг жүргізіп, қолдауға тиіс",- деді мемлекет басшысы.

"Қор корпоративтік басқару принциптерінің негізінде басқарылуға тиіс",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны