06.03.2020, 22:22 7536

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі еңбек саласындағы заңнамасын және кәсіподақтар қызметін жетілдіру мәселелерін талқылады

Өз кезегінде Уильям Мозер Біржан Нұрымбетовке адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, еңбек саласындағы заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Алматы. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрымбетов пен Мозер Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы заңнамасын және кәсіподақтар қызметін жетілдіру мәселелерін талқылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер Нұр-Сұлтан қаласында өткен жұмыс кездесуі барысында ҚР еңбек саласындағы заңнамасын және кәсіподақтардың қызметін жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда адам саудасы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Келіссөздер барысында Біржан Нұрымбетов Қазақстан мен АҚШ-тың қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік-еңбек және мәдени-гуманитарлық салалардағы жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

"Ағымдағы жылғы 19-29 қаңтар аралығында АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Елшілігінің қолдауымен "Адам саудасына қарсы күрес" мәселесі бойынша халықаралық кәсіби алмасу бағдарламасы аясында қазақстандық делегацияның АҚШ-қа жұмыс сапары өтті. Елдер арасында әріптестік байланыстар орнатылды, атап айтқанда, адам саудасына қарсы іс-қимыл және халықаралық деңгейде ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыстар басталды және келісілген шаралар айқындалды", - деп атап өтті министр.

Біржан Нұрымбетов, сондай-ақ, Уильям Мозерді Қазақстан 1993 жылдан бастап мүшесі болып табылатын халықаралық еңбек ұйымымен (бұдан әрі - ХЕҰ) өзара іс-қимыл туралы хабардар етті.

Ол сондай-ақ, ҚР Еңбекмині еңбек саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын әзірлеп, ҚР Парламенті Мәжілісі мақұлдады. Бұл құжат ХЕҰ сарапшылар комитетінің Женева қаласында өткен Халықаралық еңбек конференциясының 106, 107, 108 сессиясының қорытындылары бойынша берген негізгі ұсынымдарын іске асыруды көздейді.

Атап айтқанда, заң жобасы:

- жоғары тұрған кәсіподақ бірлестіктеріне кәсіподақтардың міндетті мүшелігін алып тастау, бұл кәсіподақтардың бірлестік бостандығына құқығын шектемеуге мүмкіндік береді;

- кәсіподақтарды тіркеу шарттарын жеңілдету;

- мемлекеттік тіркеу кезінде кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ретінде кәсіподақтардың мәртебесін растау үшін шарттарды оңайлату;

- әділет органдарында тіркеу кезінде кәсіподақтар бірлестіктерінің мәртебесін растау үшін мерзімдерді 6 айдан 1 жылға дейін ұлғайту;

- тарату орнына кәсіподақ қызметін 3 айдан 6 айға дейін тоқтата тұру мүмкіндігін енгізу;

- ереуілдерді, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерде заңсыз деп тану жағдайларын нақтылау;

- әлеуметтік әріптестік жүйесінде жұмыс берушілер өкілдерінің өкілеттіктерін бекіту.

Өз кезегінде Уильям Мозер Біржан Нұрымбетовке адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, еңбек саласындағы заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны