26.06.2019, 23:08 8283

ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында 350 адамның жоғалғандығы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және Вотсап желісі бойынша таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларыңызды сұрайды.

Нұр-Сұлтан. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми түрде Арыс қаласында 350 адамның жоғалғандығы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдейді.

Бұл ақпарат оқиғаның бірінші күні тараған болатын әрі ол бойынша сол кезеңде тиісті мәлімдемелер жасалды.

Қаланың барлық тұрғындары эвакуацияланды және із-түссіз жоғалғандар жоқ.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және Вотсап желісі бойынша таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларыңызды сұрайды.

Сонымен қатар қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін еліміздің заңнамасына сәйкес ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады.

"Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс жасайтындығын еске саламыз. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша қажетті ақпаратты ала аласыздар, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны