28.05.2007, 11:38 1247

Рахат Илиев Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметінен босатылды

АСТАНА. 26-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысының Жарлығымен Рахат Мұхтарұлы Илиев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Рахат Мұхтарұлы Илиев ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Б.Мұхамеджанов "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып және елдің Бас прокурорымен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі Рахат Мұхтарұлы Илиевті қызметінен босату туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны