06.06.2022, 13:59 14941

Референдум-2022: дауыс берген қазақстандықтардың 77,18% Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдады

Референдум-2022: дауыс берген қазақстандықтардың 77,18% Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдады
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуді сайлаушылардың 77,18% қолдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылғы 6 маусымда таңғы 08.00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі және шет елдердегі референдумның 10012 учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Конституциялық заңға сәйкес, референдум өтті деп есептеледі, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
 
Оның айтуынша, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 986 мың 293 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,06% құрады. 
 

Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын немесе 6 миллион 163 мың 863 адамды құрады", - деді Әбдіров есептеудің алдын ала қорытындысын айта келе.

 
Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны-18,66 пайыз немесе дауыс беруге қатысқандар санының 1 миллион 490 мың 475 адамын құрайды. 
 

Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады. Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 2,58% - ды немесе 206 мың 096 бюллетеньді құрады", - деп қорытындылады спикер.

 
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының ортасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Ол ел Парламентінің рөлін күшейту және суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу қажеттігі туралы айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны