23.10.2007, 12:57 2566

Республика үкімет басшысы мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесін дәйектеуді тапсырды

Республика үкімет басшысы мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесін дәйектеуді тапсырды.

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесін дәйектеуді тапсырды. Ол мұндай тапсырманы бүгін үкіметте мәдени-тарихи мұраны сақтау мәселелері бойынша өткен селекторлық жиында жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кітап, басылымдарды көркемдік өңдеу және ғылыми редакторлық жасау, тәржіманың сапасын қамтамасыз ету үшін авторлардың, аудармашылардың, суретшілердің және басқа да санаттағы шығармашылық қызметкерлерінің қызметіне лайықты ақы төлеу мәселесін дәйектеу қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бізге Қазақстан тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениетіне қатысты сапалы әрі топтамалық басылымдар қажет", - деді премьер.

Сонымен бірге Кәрім Мәсімовтың айтуынша, " "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілген ғылыми зертетулер нәтижесінде жинақталған жаңаша әрі жүйелі мәліметтерді оқулықтар мен оқу бағдарламаларарына енгізу мәселесін шешу қажет".

Ол бұған қоса "Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын туристік инфрақұрылымның аса маңызды тармағы ретінде қарастыру қажет", деді.

"Ол үшін елімізде тарихи-мәдени мұраны насихаттау және оларды сақтау, зерттеу ошақтары ретінде этномәдени орталықтар мен қорық-мұражайлар құру қажет", -деп санайды үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны