23.07.2007, 16:31 2852

Республика үкімет басшысы шілденің аяғында Өзбекстанға барады

АСТАНА. 23 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 26 - 27 шілдеде ресми сапармен Өзбекстан Республикасына барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың бүгін Астанада өткен брифингте хабарлағанындай, Ташкентте үкімет басшысы Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізеді.

Сапар барысында екі ел арасындағы ынтымақтастыққа, соның ішінде Қазақстан және Өзбекстан президенттерінің 2006-жылғы сапарлары барысында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны