12.10.2006, 11:49 3253

Республика үкіметі БАҚ-ты есепке алу алымының ставкасын бекітті

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Республика үкіметі БАҚ-ты есепке алу алымының ставкасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"БАҚ-ты есепке алу алымының ставкасы бекітілсін",- делінген қаулы мәтінінде.

2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетін құжатқа сәйкес, балаларға арналған және ғылыми бағыттағы БАҚ құрған заңды және жеке тұлғалар үшін алым ставкасы 2 айлық есептік көрсеткішке, ал басқалары үшін 5 айлық есептік көрсеткішке тең.

БАҚ-тың есепке алынғанын куәландыратын құжаттың көшірмесін беру 2 айлық есептік көрсеткіштің 80 процентін құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны