23.05.2024, 12:11 69056

Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді

Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді
Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ІІ және ІІІ техникалық санаттағы жол учаскелерінде жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу шешімі қабылданды. Аталған жолдардағы жылдамдықты арттыру туралы ақпарат тиісті шараларды қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберілетін болады.

Келесі жол учаскелерінде жүргізушілерді бекітілген жылдамдықты сақтауды сұраймыз:

🔹 Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Долгое-Аққулы) - 100 км/сағ.;

🔹 Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Абай облысына қарасты учаскесінде (Шарбақты-Семеновка - Қалбатау) - 110 км/сағ.;

🔹 Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Болашақ-Достық) - 100 км/сағ.;

🔹 Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Мичурино) - 110 км/сағ, дәл осы жолда Қызытаңнан Өрлітөбеге дейін - 100 км/сағ.;

🔹 Бейнеу-Ақжігіт автожолының Маңғыстау облысына қарасты учаскесінде (Тажен) - 100 км/сағ.;

🔹 Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самара) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Чапов-Погодаево) - 100 км/сағ.

Жылдамдық режимін сақтау арқылы жол апатын алдын алып, барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтайсыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны