16.09.2019, 13:48 3997

Республиканың құтқару бөлімшелерінің "Қазқұтқару-2019" республикалық жиын-семинары өтіп жатыр

"Қазқұтқару-2019" алтыншы күнінде 2019 жылғы 16 қыркүйектен "Қапшағай су қоймасы акваторясында іздестіру-құтқару жұмыстары" дистанциясында құтқару көпсайысы бойынша командалар жарысуда.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Республиканың құтқару бөлімшелері "Қазқұтқару-2019" республикалық жиын-семинардың шеңберінде "Жартасты қала - Астана" оқу-жаттығу полигонында жарысуды жалғастыруда.

"Қазқұтқару-2019" алтыншы күнінде 2019 жылғы 16 қыркүйектен "Қапшағай су қоймасы акваторясында іздестіру-құтқару жұмыстары" дистанциясында құтқару көпсайысы бойынша командалар жарысуда. Кәсіби құтқарушылар 4 кезен дистанциясын өтуде: "Су астындағы іздестіру жұмыстары", "Апаттық - құтқару жұмыстары", "Бір аппаратпен су басқан бөліктен зардап шеккендерді шығару", "Судағы құтқару жұмыстары". Командалардың жарыстардың барлық кезендегі басты міндеттері су астында зардап шеккендерді іздеу және алып шығу, су айдынының түбінен батып кеткен көлікті шығару болып табылады, сондай-ақ өзінің жеке құралын қолдана отырып зардап шеккенді су айдынынан жағаға алып шығу.Жарыстың әрбір кезенінің нәтижесі бойынша алғашқы күндері жеңімпаздар анықталатын болады.

Сондай-ақ "Қоршаған ортадағы шарттар бойыншаіздестіру-құтқару жұмыстары"дистанциясы бойынша жарыстар өтуде және "Күштік жаттығулар кешені" дистанциясында жеңімпаздар анықталды. КЖК қорытындысы бойынша жалпы жинаған баллдар суммасы бойынша Қостанай облысы ТЖД "ӨСжәнеАҚЖ" ММ ЖҚЖ бірінші орынды иеленді, Батыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨСжәнеАҚЖ" ММ ЖҚЖ екінші орынды иеленді, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨСжәнеАҚЖ" ММ ЖҚЖ үшінші орынды иеленді.2019 жылғы 10 қыркүйекте Алматы облысында Тамғалы Тас шатқалындаорналасқан "Жартасты қала - Астана" оқу-жаттығу полигонында"Қазқұтқару-2019" құтқарушы бөлімшелердің 24-ші республикалық жиын-семинары басталғаның естеріңізге саламыз.

"Қазқұтқару-2019"жиын-семинарда құтқару бөлімшелерінің 16 командасы қатысуда, оның ішінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 14 жедел-құтқару жасақтары (Республикалықжедел-құтқару жасағы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан областарының, және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының ТЖД жедел-құтқару жасақтары), 2 команда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінен.

ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны