08.09.2015, 16:27 4171

РФ Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясыныӊ Президентi Владимир Путин мен Украина Республикасыныӊ Президентi Петр Порошенко келедi деп күтiлуде.Бұл туралы бүгiн Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған дипломатиялық корпуспен өткен брифинг барысында Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясыныӊ Президентi Владимир Путин мен Украина Республикасыныӊ Президентi Петр Порошенко келедi деп күтiлуде.Бұл туралы бүгiн Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған дипломатиялық корпуспен өткен брифинг барысында Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жоспар бойынша, өте көп сапарлар күтiлуде. Олардыӊ арасында президент, премьер-министрлер деӊгейiндегi сапарлар бар. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымы мен өзге де ұйымдардыӊ деӊгейiнде бірқатар аймақтық iрi шаралар өтедi. Қазан айында ТМД және ЕАЭО саммиттерiн ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ, Ресей Федерациясыныӊ президентi Владимир Путин мен Украина Президентi Петр Порошенконыӊ ресми сапарлары күтiлуде.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания, Франция, ОАР, Сауд Арабиясы мен Катар елдерiне сапар жасайды.Көрiп отырғандарыӊыздай, жұмыс кестесi өте тығыз. Бiздiӊ ұжымдасқан күш-жiгерiмiз нәтижелi болады деп сенемiз",-дедi Е.Ыдырысов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны