08.06.2012, 13:54 3248

РФ президенті ҚР ресми сапары аясында зымыран-ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей келіссөздері болып өтті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин ғарыш саласындағы және "Байқоңыр" ғарыш айлағын бірлесіп пайдаланудағы табысты ынтымақтастықтың көп жылғы тәжірибесіне қанағаттанушылық білдірді.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында зымыран-ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей келіссөздері болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин ғарыш саласындағы және "Байқоңыр" ғарыш айлағын бірлесіп пайдаланудағы табысты ынтымақтастықтың көп жылғы тәжірибесіне қанағаттанушылық білдірді.

Мемлекет басшылары "Байқоңыр" кешенін бірлесіп пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру туралы келісімге қол жеткізді және екі елдің ғарыштық ведомстволарына ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану тәртібін регламенттейтін, бірлескен зымырандық кешендер құруды, кадр даярлау мен қазақстандық мамандардың іске қосу қызметіне қатысуын тегіс қамтитын екіжақты келісімді әзірлеу туралы мәселені жедел қарастыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны