03.03.2010, 13:16 5074

Румыния президенті өз елінде бір палаталы парламенттің жұмыс істегені орынды деп санайды

Румыния президенті өз елінде бір палаталы парламенттің жұмыс істегені орынды деп санайды

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Румыния президенті Траян Басеску өз елінде бір палаталы парламенттің жұмыс істегені орынды деп санайды. Бұл туралы ол бүгін парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің елімізде де қос палаталы парламент бар екенін сіз білетін шығарсыз. Бірақ, оның қазіргі іс-әрекеттері еліміздегі жұмыстарға тежеу болып отыр", - деді Т. Басеску.

Оның айтуынша, Румыния парламентінің қос палатасының функциялары мен жауапкершілігі бірдей. "Мен қазір бір палаталы парламент болғанын жақтап отырмын, ол заңдарды қабылдау мен үкіметтің іс-қызметін қадағалауда тиімді болмақ", - деді Румыния президенті.

"Сонда ғана парламентте ғана емес, сайлаушылар арасында да туындап отырған екіұдайылыққа жол берілмейді. Біз бұл процесті қалай болғанда да оңайлатуға тиіспіз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны