01.04.2014, 20:10 3293

С.Ахметов ТЖМ-ге еліміздің барлық өңірлердегі су құрылғылары мен тасқын жағдайына тұрақты мониторинг жасауды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне еліміздің барлық өңірлердегі су құрылғылары мен тасқын жағдайына тұрақты мониторинг жасауды тапсырды.

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне еліміздің барлық өңірлердегі су құрылғылары мен тасқын жағдайына тұрақты мониторинг жасауды тапсырды.

"Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қарағанды облысы әкіміне тоған суының тасуының нәтижесінде келген зиянның орнын толтыруды және зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетуді тапсырамын. Бірде-бір отбасы биліктің назарынан тыс қалмауы керек", - дейді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Серік Ахметов Қоршаған орта және у ресурстары министрлігіне су құрылғыларының жағдайына тұрақты түрде мониторинг жасауды тапсырды.

"Облыстар мен Астана және Алматы қаласы әкімдері елді-мекендерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды қолға алулары керек. Сонымен қатар халық арасында су тасқыны мен көшіру жағдайларында не істеу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуі керек. Жалпы бақылау мен мониторингті ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевқа тапсырамын", - дейді С.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны