13.07.2010, 10:49 4178

Саябақтарды құру және дамыту Қазақстанның барлық қалалары үшін басты мәселелердің бірі болып табылады Елбасы

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент дендропаркті аралап көрді. Оның аумағы 73 гектарды құрайды және архитекторлардың жоспары бойынша қаланың табиғи-экологиялық негізін қалыптастырудың іргетасына айналады. Ондағы міндет Алматы тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін ең қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Алматы. 13-шілде. Kazakhstan Today Саябақтарды құру және дамыту Қазақстанның барлық қалалары үшін басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл туралы дүйсенбіде Алматы қаласындағы ҚР Тұңғыш президенті атындағы дендропаркті аралау барысында мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент дендропаркті аралап көрді. Оның аумағы 73 гектарды құрайды және архитекторлардың жоспары бойынша қаланың табиғи-экологиялық негізін қалыптастырудың іргетасына айналады. Ондағы міндет Алматы тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін ең қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Бүгінде дендропаркте әуен ойнап тұратын және алуан түрлі түспен көмкерілген қаладағы ең ірі субұрқақ жұмыс істеп тұр. Келешекте дендропарктің орталық бөлігінде танымдық сипаттағы нысандарды, соның ішінде, климатрондарды солтүстік және оңтүстік жарты шардағы өсімдіктер дүниесі орнығатын тау көлінің ландшафтік композициясы, қолдан жасалған бұлақ көздері мен арнайы істелінген тау тәріздес жабық бөлмелерді орналастыру жоспарланған.

Дендропаркті аралау барысында Н. Назарбаев Алматы қаласының саябақтар аймағын дамыту жөніндегі әкімдіктің жоспарымен танысты. Мемлекет басшысы мұндай аймақты құру Қазақстанның барлық қалалары үшін басым мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, таяуда Қазақстанның Тұңғыш президентінің атындағы саябақта бақ аумағындағы кіреберіс топты құрайтын жеті субұрқақтың ішіндегі басты субұрқақтың ашылуы өткен.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Алматыдағы аса ірі субұрқақтың сыйымдылығы 2820 текше метрді, диаметрі 52 метрді құраса, субұрқақ биіктігі 19,5 метрге жетпек.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен саябақтың негізі қаланды. Оның құрылысын аяқтау үшін қалалық бюджеттен қажет қаражатты бөлдік. Саябақ аса көркем, табиғаты сұлу жерде орналасқан", - деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

"Саябақты құрудың басты идеясы Алматы қаласының қайталанбас табиғи келбетін ХХI ғасырдың ғылыми жетістіктерімен ұштастыру", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дендропарктің құрылысын 8 сатыға бөліп жүзеге асыру жоспарланған. Оған жұмсалатын қаржылай шығындардың жалпы көлемі 19 млрд 23 млн теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны