23.10.2007, 18:03 3295

Салық мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда біршама төмен - Рахметов

Салық мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда біршама төмен - Рахметов

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Салық мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда біршама төмен . ҚР қаржы министрлігінде бүгін өткізілген алқа мәжілісі барысында осы мекеменің Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің "Икімшілік кедергілер - сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көзі" атты есебіне жүгінсек, салық мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда біршама төмен екені байқалады", - деді Н. Рахметов.

Оның мәліметтерінше, аталған есепке сәйкес, Қазақстанның салық органдары сыбайлас жемқорлық деңгейіне қарай 34 мемлекеттік органның арасынан 20-шы орында, ал параның орташа деңгейіне (20 мың теңге) қарай 21-ші, сыбайлас жемқорлық қызметтері нарығының көлеміне (4,8 млрд теңге) қарай 15-ші орында тұр.

"Бұл мәліметтер сыбайлас жемқорлыққа қатысты нақты ахуалды паш етеді. Ирине, сыбайлас жемқорлық деген пәле салық мамандарын да бей-жай қалдыра алған жоқ, дегенмен, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен. Ал салық органдарында ондай көріністің пайда болу ықтималдығы басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда жоғары болып келеді, өйткені, салықшылар еліміз тұрғындарының ересек бөлігімен түгелдей дерлік байланысқа шығады", - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, салық комитетінің басшылығы "сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мен мемлекеттік мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа бой алдыру рейтингінде шама келгенше төменгі орынды иемденуді мақсат тұтып отыр". "Мәселен, қазір салық органдарындағы парақорлық деңгейі 25% болса, келешекте біз оның 5%-тен аспайтындай деңгейіне қол жеткізуді көздеп отырмыз", -деді төраға.

"Біз бұл процесті қолға алып, қыркүйек айында салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясын және жемқорлық жайлап алуы мүмкін салалардың тізімі мен сыбайлас жемқорлық көріністерін жою жөніндегі 2010 жылға дейін есептелген шараларды бекіттік", - деді Н. Рахметов.

Оның ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылы салық органдарында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 31 қылмыстық іс қозғалған, бұл 2006 жылғыдан 23% төмен, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 24 қызметкер жауапқа тартылған, бұл былтырғы көрсеткіштен 35% аз. "Бұрынғыдай сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстары үшін жауапкершілік жүктеген қызметкерлердің үлес салмағы салық органдарында жұмыс істейтін штаттық қызметкерлер санына шаққандағы көрсеткіш басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда тағы да төмен", - деп сендіреді Н. Рахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны