17.10.2008, 14:15 1391

"Самұрық - Қазына" Ұлттық игілік қорының басқармалары төрағасының орынбасарлары сайланды

"Самұрық - Қазына" Ұлттық игілік қорының басқармалары төрағасының орынбасарлары сайланды

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен бүгін "Самұрық - Қазына" Ұлттық игілік қорының директорлары кеңесінің бірінші отырысы өтті. Онда Ұлттық әл-ауқат қорының басқармалары төрағасының орынбасарлары сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Директорлар кеңесінің шешімімен "Самұрық - Қазына" Ұлттық игілік қорының басқармалары төрағасының орынбасарлары болып Тимур Құлбаев пен Арман Дунаев сайланды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Отырыс барысында мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңадан құрылған холдингтің қызметін ұйымдастыру жайы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны