28.04.2010, 17:35 3556

Сәуірде нотариат, гендік-инженерлік қызмет, білім беру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер парламент қарауына енгізілуі тиіс

Сәуірде нотариат, гендік-инженерлік қызмет, білім беру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер парламент қарауына енгізілуі тиіс

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия заң жобаларын әзірлеу мерзімін мүлтіксіз сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, министрліктер үйінде бүгін ҚР Иділет вице-миинистрі Дәулет Құсдәулетовтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 216-шы отырысы болып өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарында анықталған заң жобаларын әзірлеу мерзімін мүлтіксіз сақтау қажеттігін баса айтты.

Атап айтсақ, ағымдағы жылғы сәуірдің соңына дейін "Нотариат туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне гендік-инженерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Кейбір заңнамалық актілерге білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және т.б. заң жобалары парламент қарауына енгізілуі тиіс.

Отырысқа қатысушылар үкіметтің 2010 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу қарқыны мен сапасын, сондай-ақ исламдық қаржыландыруды ұйымдастыруға, банк қызметін реттеуге және сот ісін жүргізу кезінде татуластыру рәсімдері институтын енгізуге қатысты заң жобаларының тұжырымдамаларын қарады. Сонымен қатар, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымын реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасы қайта қаралды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелді азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеуді мақұлдады. Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган - Қаржылық қадағалау агентігіне - айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, тұжырымдаманы пысықтауға ұсыныс жасалды.

Қаржы министрлігіне "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңға толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына үкімет қорытындысының жобасын дайындауға, Иділет министрлігіне - міндетті нотариаттық куәландыруға тиесілі азаматтық-құқықтық мәмілелердің тізімін пысықтауға ұсыныс берілді.

Қосымша мәселелерді зерделеу аясында комиссия "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын әзірлеуді мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны