12.03.2008, 09:59 1098

Семейде 50 кг марихуана әкетіп бара жатқан бір топ адам тұтқындалды

Семейде 50 кг марихуана әкетіп бара жатқан бір топ адам тұтқындалды

Семей. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 50 кг марихуана әкетіп бара жатқан бір топ адам тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Семей қалалық ішкі істер басқармасының есірткі саудасымен күрес бөлімінің бастығы Илібек Бағдатовқа сілтеме жасай отырып.

"Есірткі тасымалдаушылар Семейде Семей - Өскемен тас жолының қадағалау-өткізу пунктінде тұтқындалды. Ол төртеуі жеңіл көлікпен кетіп бара жатқан. Тексермекші болған кезде олар қарсылық көрсетіп, көліктерінен шықпай қойған. Күш қолдануға тура келіп, полицейлер көліктің бір жақ терезесін сындырып, көлікке енді", - деді И. Бағдатов.

Полиция қызметкерлері көліктен 50 кг марихуана тапқан. "Тергеудің алдын-ала мәліметтеріне сүйенсек, есірткіні олар Павлодардан Өскемен мен Риддерге жеткізбек болған. Ал бір бөлігін Семейге қалдырулары тиіс болған", - деді И. Бағдатов.

Оның ақпаратына сүйенсек, тұтқындалғандар Риддер мен Өскемен қалаларының тұрғындары, 25 пен 30 жастағы жігіттер. Есірткі тасымалдаушылардың екеуі бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған екен.

Тұтқындалғандардың төртеуіне де қатысты 259 бап (Есірткі заттары немесе ақыл-естен айыратын заттарды заңсыз жасау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, беріп жіберу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бап 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

И. Бағдатов, сондай-ақ, 11 наурызға қараған түні қаланың Затон атты бөлігіндегі пәтерлердің бірінде тағы бір ірі көлемдегі есірткі табылған. Ол жерден 1 кг героин тәркіленген. Үш адам тұтқындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Семейде осы секілді барлығы 28 қылмыс тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны