15.01.2008, 15:27 3721

Семейде биыл тергеу изоляторы салынады

Семейде биыл тергеу изоляторы салынады

Семей. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде биыл жаңа тергеу изоляторының құрылысы басталады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау прокуроры Айтмағамбет Серғазин хабарлады.

"Тергеу изоляторын салу мәселесі шешілді. Иділет министрлігі Семейде жаңа изолятор салу үшін қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Ол республикалық бюджет есебінен салынады", - деді А. Серғазин.

Ол Семейдегі тергеу изоляторының бірінші корпусы ғимаратының пайдаланылуы 2006 жылдың 1-қаңтарында тоқтатылғанын еске салды. "Изоляторды жабу туралы шешім арнайы прокуратураның бастамасымен болған тергеу нәтижесі бойынша қабылданды. Ғимарат апатты деп танылды. Себебі, ол Екатерина ІІ заманында 1773 жылы салынған болатын. Мұндай жерге қамау қамаудағылардың құқын өрескел бұзғандық болып есептелді", - деп түсіндірді қалалық прокурор.

Тергеу изоляторының жаңа ғмаратын салуға қаржы бөлу мәселесі екі жыл көлемінде белгісіз болып келді. "Екі жыл бойы тергеудегілерді 9 жыл бұрын салынған және 200 адам ғана сыятын тергеу изоляторының екінші корпусына қамап келді", - деп атап көрсетті А. Серғазин.

Оның ақпаратына сүйенсек, жаңа изолятор халықаралық стандарттар бойынша салынбақ. "Бұл тергеу изоляторында тергеудегілер кәдімгідей өмір сүрулері үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Камераларға төрт адамнан артық жатқызылмайды, асхана, шаштараз, демалу бөлмесі болады", - деді А. Серғазин.

Ол сонымен бір мезгілде Өскеменде де жаңа тергеу изоляторының құрылысы басталатынын хабарлады. Құрылыс жұмыстарымен екі кәсіпорын: "Еңбек Семей" және "Еңбек Өскемен" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары айналыспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны