15.10.2007, 16:00 2827

Семейде қарақшылық шабуыл жасалып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Семейде қарақшылық шабуыл жасалып, бір адам ауруханаға жеткізілді.

Семей. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде кәсіпкердің отбасына қарақшылық шабуыл жасалып, пышақ жарақаттарын алған бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеше қаладағы көп пәтерлі ауданда қарақшылық шабуыл жасалған. "Белгісіз біреулер есік қаққанда 39 жастағы Ақмарал үйде жалғыз болған. Үй иесінің кім деген сұрағына "көршілеріңізбін, біздің пәтерге су кетіп жатыр" деген жауап алған. Көршінің дауысын танымаған Ақмарал есікті ашпауға шешім қабылдайды. Бірнеше минуттардан кейін есіктің қоңырауы қайта шырылдаған. Ийел есікті аша сала оны бетперде киген екі жігіт соққыға жығады. Олар пышақпен қорқыта отырып, ақша талап еткен",- деп түсіндірді полицейлер.

"Дәл осы кезде Ақмаралдың күйеуі келіп, қарсылық көрсетпек болған, бірақ ол екі жерінен пышақ жарақатын алған. Ақшаны қолды қылған қарақшылар бой тасалаған",- деді Ішкі істер департаментіндегілер. Олар сондай-ақ сейфтен 50 мың АҚШ доллары мен 4,5 млн теңгенің қолды болғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы жұмыс істеуде, олар оқиға болжамдарын тексереді. Атап айтқанда, жәбірленушілердің туыс-туғандары мен іскерлік мақсаттағы көптеген байланыстары да тексерілмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны