10.08.2006, 16:13 2911

Семейде "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының базасында әскери-тәжірибелік конференция өтті

СЕМЕЙ. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Семейде "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының базасында әскери-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне аймақтық қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге жаяу әскерлер институты мен ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылары, сондай-ақ, "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдерінің командирлері қатысты. Бас қосуға электронды карталарда жауынгерлік шешімдер қабылдау жүйесін қолданып көру тақырыбы арқау болды. "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, Қазақстан армиясы ТМД елдері арасында бірінші болып бұл жүйені қолданысқа енгізді. "Еліміздің Қарулы күштері қазіргі заманғы барлық шарттар мен талаптарға сай келуге тиіс. Сол себепті біз армияны қазіргі заманғы жаңаша ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етуге тырысудамыз",- деді қолбасшы.

Бас қосу барысында қатысушылар сонымен бірге қазіргі заманғы тактика және шұғылдық өнеріне қатысты мәселелерді де қарады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны