23.09.2010, 14:24 4075

Семейде үш жасар бала өгей әкесінің соққысынан көз жұмды

Семейде үш жасар бала өгей әкесінің соққысынан көз жұмды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семейдің ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Семей. 23 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Семейде үш жасар бала өгей әкесінің соққысынан көз жұмды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семейдің ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18-қыркүйек күні жедел жәрдем диспетчеріне Дальний аулындағы үйлердің бірінде жас сәбидің дене жарақаттарынан көз жұмғандығы туралы хабар келіп түскен.

"Тез арада келіп жеткен жедел тергеу тобы баланың өлі денесіне тап болған. Баланың бас сүйегі жарақаттанған, денесіндегі жарақаттары да өте ауыр болған",- деп түсіндіріп өтті ІІБ.

Қылмыс жасады деген күдікпен баланың 28 жасар өгей әкесі ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр.

Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны