17.04.2007, 11:16 1365

Сенат химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сенаторлар редакциялық және нақтылау сипатындағы өзгерістер мен заң жобасы нормаларын қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізді.

"Заң жобасы "Техникалық реттеу туралы" заңды жүзеге асыру аясында жасалған, онда химиялық өнімді жасау, өндіру, қолдану, сақтау, таңбалау, орау, тасымалдау, сату және пайдалы жарату сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, техникалық және әкімшілік кедергілерді жою талаптары бар",- делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны