14.12.2011, 12:18 3633

Сенат индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Заң жобасын мақұлдады

Аталған Заң жобасы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген үдемелі индістриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында әзірленді.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - , Бүгін ҚР Парламент Сенатаның жалпы отырысында "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" ҚР Заң жобасын қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталған Заң жобасы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген үдемелі индістриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжат экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Бұл ретте Заң арқылы ұлттық экономиканы қарқынды индустриялық-инновациялық дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайлар жасалып, индустриялық қызметті ынталандыру, жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін және бәсекеге қабілетті өндірістерді енгізу көзделеді. Бұдан бөлек индустриялық-инновациялық бизнесті қалыптастыру, жаңа технологияларды енгізу республика өңірлерінің кешенді және ұтымды индустриялық дамуын қамтамасыз ету шаралары айқындалады.

Заң жобасын талқылау барысында Сенат Мәжіліс мақұлдаған құжатқа бірқатар түзетулер енгізіп, оларды қабылдады. Атап айтқанда Үкіметтің, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы биліктің индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы құзыретін реттейтін нормалар нақтыланды. Бұл ретте Үкіметтің құзыреті осы саладағы қызметті мемлекеттік қолдау саясатының негізгі бағытын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру болып бекітілді. Ал жергілікті атқарушы органдардың функциялары салалық бағдарламалардың инновацияларын өңірлік деңгейде дамыту бөлігінде күшейтілді.

Сондай-ақ бірқатар ұғымдар нақтыланып, кейбір ұғымдар алынып тасталды. Бұдан басқа, индустриалық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық көздейтін жаңа бап енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны