18.06.2009, 12:47 2486

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру болып табылады.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне адамдардың қаза болуына байланысты теоррористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасын белгілеу және ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш беру хақы бар екені туралы ереже енгізу көзделіп отыр.

Сөйтіп, еліміздің Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне де өзгерістер енгізілетін болды. Бұдан былай облыстық сотқа өлім жазасы ғана емес, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар жасағаны үшін сотталатын істер жатқызылатын болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны