09.04.2010, 12:31 3102

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінгі оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінгі оқылымда мақұлдады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінгі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы халықтың, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің қорғалу деңгейін олардың қауіпсіздігі жай-күйін бағалауды тәуелсіз сарапшы ұйымдар саласына енгізу жолымен арттыру, сондай-ақ мемлекеттік өрт бақылау органдары жүзеге асыратын тексерістер санын қысқарту есебінен қорғау объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және бақылау қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру мақсатында әзірленген.

Құжат аясында заңнамалық деңгейде сарапшы ұйымдарды аккредиттеу тәртібі, сарапшы ұйымдардың да, уәкілетті органның да қатерлерді бағалау саласындағы құқықтары мен міндеттері айқындалады.

Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сарапшы ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша және оларды уәкілетті органға уақытылы табыс ету жауапкершілігін белгілейтін толықтырулар енгізілді.

Заң жобасымен өртке қарсы ерікті құралымдарды құру және олардың қызметін жүзеге асырудың тәртібі регламенттелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны