18.10.2012, 13:22 2991

Сенат отбасылық міндеттемелері бар ерлер мен әйелдерге тең құқық беретін конвенцияны ратификациялады

"Ұсынылып отырған конвенция 1981 жылдың 23-маусымында қабылданған болатын. Конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес әзірленді", - деді депутаттар алдында баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов.

Астана. 18-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Отбасылық міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау және тең мүмкіндіктер туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ұсынылып отырған конвенция 1981 жылдың 23-маусымында қабылданған болатын. Конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес әзірленді", - деді депутаттар алдында баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов.

Оның айтуынша, конвенцияның мақсаты - отбасылық міндеттемелері бар еңбекші әйелдер мен ерлерге тең құқық беру болып табылады.

"Конвенцияның мақсаты отбасылық міндеттемелері бар ерлер мен әйелдерге тең құқық беру болып табылады. Сондай-ақ Конвенция ережелері көмекке шынымен мұқтаж немесе күтімді қажет ететін жақын туысқандары, отбасы мүшелеріне қатысты отбасылық міндеттемелері бар еңбекшілерге қатысты да қолданылады", - - деп толықтырды министр.

Сенат депутаттарының талқылауына түскен соң аталмыш конвенция бекітілді.

Айта кетейік, аталмыш конвенцияны еңбек ұйымының 41 мүше мемлекеті қабылдаған. ТМД елдері арасында Ресей, Украина, Изірбайжан елдері конвенцияны бекіткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны