04.12.2008, 11:52 1546

Сенат "Илеуметтік қызметтер туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат "Илеуметтік қызметтер туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Илеуметтік қызметтер туралы" заң жобасын талқылап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илеуметтік қызметтер туралы" заң жобасын талқылау барысында ол әлеуметтік қызмет нарығын одан әрі дамыту, заңнаманы біріздендіру және заңнамада көзделген жағдайларда әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қатынастарды регламенттеудің бірыңғай қағидаларын пысықтау мақсатында әзірленгені аталып өтілді.

Заң жобасы әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік жұмысты одан әрі заңнамалық, институционалды дамытуды, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру жүйесін жаңғырту негіздерін қалауды, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің субъектілерін, тұтынушыларын және орны мен рөлін айқындауды көздейді.

Жоба халыққа тегін көрсетілетін қолданыстағы әлеуметтік қызмет түрлерін, сондай-ақ ақылы негізде көрсетілетін кейбір жаңа әлеуметтік қызмет түрлерін жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Бұл заң жобасы мемлекеттік бюджеттен: 2009 жылы - 9,6 миллиард теңге, 2010 жылы - 11,95 миллиард теңге, 2011 жылы - 18,7 миллиард теңге қосымша шығысты қарастырады.

Талқылау барысында мәжілісте мақұлданған жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп оны мәжіліске қайтаруға шешім қабылданды. Атап айтқанда жобаның арнайы әлеуметтік көмек көрсету бөлігіндегі тақырыбы мен мазмұнын, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өкілетті органдардың құзіретін, әлеуметтік сала қызметкерлеріне біліктілік талаптары мен аттестациядан өткізу тәртібін, арнайы әлеметтік қызмет ұсыну тетігін нақтылауға қатысты болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны