12.10.2006, 17:38 3144

Сенат жарнама мәселелері жөніндегі заң жобасын мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 12 қазан . Kazakhstan Todaу . Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар екінші оқылымда қаралған "ҚР жарнама мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өздерінің түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, сенаторлар мәжіліс депутаттарының енгізген сыра мен құрғақ табиғи шараптың жарнамасына рұқсат беретін нормасымен келіспейді. Оған қоса, жоғары палата депутаттары тауар белгісін жарнамалауға қатысты бірнеше өзгертулер енгізуді ұсынып отыр.

Осыған дейін хабарланғандай аталған заң жоба арқылы шылым және шылым өнімін жарнамалауға заңды тұрғыда тиым салып, шылым өнімдерінің қораптарындағы шылым шегудің зияны туралы ескерту көлемін 30% дейін ұлғайту көзделген.

Алкогольді немесе шылым өнімдерін жасырын түрде жарнамалауды тоқтату мақсатында түрлі шараларға, оның ішінде ұтыс ойындары сияқты жарнама түрлеріне тыйым салу көзделуде. Сондай-ақ , алкогольді немесе шылымның, шылым өнімдерінің атауын меңзейтін марка аттарын, тауар белгісін пайдалана отырып тауарды(жұмыс қызметін) жарнамалауға тыйым салу ұсынылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны