29.11.2012, 10:53 2723

Сенат жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасы мәжіліске қайтарды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заң жобасын талқылады.

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - Сенат жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасы мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заң жобасын талқылады.

Құжатқа бірқатар түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

"Заң жобасының мақсаты - жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу", - деп атап өтті заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

Оның айтуынша, заң жобасы еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша азаматтық құқықтық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігі, шетелдіктің тұруға құқық беретін және республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ азаматтың жеке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжаттардың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің құзырлы орындары берген бұл құжаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру және жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелді.

Төлқұжат пен жеке куәлікті дайындау мерзімі 30 күннен аспайтын болады.

Құжатты талқылау барысында сенаторлар тарапынан бірқатар түзетулер жасалған болатын. Олардың басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатында болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны