04.07.2014, 20:00 1485

Сенатта Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық талқыланды

Сенатта Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХІІІ отырысына және V Съезге әзірлік жөнінде жұмыс бабындағы отырыс өтті, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Сенатта Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХІІІ отырысына және V Съезге әзірлік жөнінде жұмыс бабындағы отырыс өтті, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен 2014 жылғы 14 қыркүйекте Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХХІІІ отырысына әзірлік жөніндегі жұмыс бабындағы кеңес болды.

Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашысы болып табылатын діни форумның ерекше маңызын атап өтті.

Хатшылық отырысы 2015 жылы Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезін өткізудегі маңызды дайындық кезеңі болады. Осыған байланысты Қ.Тоқаев осы маңызды форумның тұжырымдамалық, идеологиялық және саяси мәселелері жөніндегі өз ойларын ортаға салып, тиісті тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны