07.04.2018, 14:06 5975

Сенатта денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі парламент тыӊдалымы болып өтті

Министр сондай-ақ, мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін жаӊғырту мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстіӊ жаӊа жобасын әзірлеу бойынша жұмыс басталғанын атап өтті

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Сенатта "Ұлт саулығы-денсаулық сақтау саласыныӊ басты шарты" тақырыбында парламенттік тыӊдалым болды. Аталған шараға ҚР Парламент Сенатыныӊ спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат депутаттары, медициналық қауымдастықтыӊ өкілдері және т.б қатысты.

Тыӊдалым басталмас бұрын тақырыптық көрмелер өткізілді.Көрмеде отандық фармацевтиканыӊ зерттемелері, жұмыстары, жобалары, денсаулық сақтау саласындағы жаӊа инновациялық теxнологиялар, ақпараттық жүйелер, мобильді сандық қосымшалар ұсынылды.

Депутаттар алдында баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі таӊда дәрілік саясат саласында қазақстандық өндірушілерді жүйелі қолдау жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2017 жылы 873 атауды жеткізуге отандық тауар өндірушілермен 25 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

"Жалпы 2009-2017 жылдар кезеӊінде 1679 атауды (жеткізуге 32 отандық өндірушімен 54 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Бұл ретте, қазақстандық өндірушілер жеткізген атаулардыӊ саны 2 есе ұлғайды",-деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, Министрлік қоғамдық денсаулықты сақтау үшін дәлелді базасы жоқ 29 санитариялық қағиданыӊ күшін жойғанын xабарлады. 6 санитариялық қағида қайта қаралды. Бизнесті тексерудіӊ саны 2 есе қысқарды, тексеруден 34,5 мыӊ объекті босатылды.

"Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2017 жылы біз 34 МЖИ келісімшартын жасастық. 2017 жылы денсаулық сақтау саласына бөлінген инвестициялардыӊ көлемі 91,4 млрд. теӊгені құрады және 2016 жылдыӊ деӊгейіне 50%-ға өсті, бұл Қазақстан экономикасы салаларыныӊ арасында жоғары көрсеткіштердіӊ бірі болып табылады",-деп xабарлады министр.

Бұдан өзге өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша 2016 жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда денсаулықтыӊ негізгі көрсеткіштері жақсарды: сонымен жалпы өлім 3%-ға, ана өлімі 5,5%-ға, нәресте өлімі 6,2%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім 5,3%-ға және туберкулезден болатын өлім 11,8%-ға төмендеді. Қазақстандықтардыӊ жалпы өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрады.

Баяндама барысында министр жүйеніӊ триажын енгізе отырып, кез -келген бейіндегі пациенттерді көп бейінді стационарға қабылдау дайындығымен стационарлардыӊ қабылдау бөлімшелері қызметініӊ жаӊа форматын регламенттегенін жеткізді.

"Қабылдау бөлімшелерініӊ жағдайында шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін жаӊа дәрігерлік мамандық - қабылдау бөлімшесініӊ дәрігері енгізілетін болады",-деп xабарлады министр.

Министр сондай-ақ, мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін жаӊғырту мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстіӊ жаӊа жобасын әзірлеу бойынша жұмыс басталғанын атап өтті.

"Жаӊа кодекс мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: ұлт денсаулығын нығайту, халықтыӊ өмір сүру ұзақтығын өсіру және медициналық технологияларды дамыту, аурулардыӊ профилактикасы, қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейту, дербестендірілген медицина, цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері",-деп сөзін қорытындылады министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны