29.04.2008, 14:16 3347

Шекарашылар Тәжікстандық есірткі тасымалдаушыны ұстады

Шекарашылар Тәжікстандық есірткі тасымалдаушыны ұстады

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Бейнеу темір жолы" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы 28 сәуірде Худжант - Саратов бағытында қатынайтын поездан Тәжікстан Республикасының азаматы болып табылатын бір вагон жолсерігін ұстады, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оның жеке заттарын тексеру барысында шекарашылар қос түбі бар чемоданнан ақ түсті зат- героині бар, скотчпен оралған 6 дорба тапты. Есірткінің салмағы 1 килограмм 958 грамм болды", -делінген баспасөз баянында.

Есірткі тасушы Атырау облыстық ҰҚКД қызметкерлеріне табысталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны