23.04.2008, 17:52 3146

Шығыс Қазақстан облысында бір аптада балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға қатысты 73 оқиға анықталды

Шығыс Қазақстан облысында бір аптада балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға қатысты 73 оқиға анықталды

Семей. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында рейд шаралары кезінде бір аптада балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға қатысты 73 оқиға анықталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясының бөлім бастығы Батырхан Сүлейменов хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облысында ішкі істер органдары балық инспекциясымен бірлесіп бір аптада 56 рейд жүргізіп, 84 заң бұзушылықты анықтады", - деді Б. Сүлейменов.

"Балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға байланысты 73 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 255 мың теңгенің айыппұлы салынып, 210 мың теңге өндіріп алынды", -деді Б. Сүлейменов.

Балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін өрескел бұзуға байланысты 11 іс сотқа жіберілді. Нәтижесінде соттар 35 мың теңгенің айыппұлын салып, 23 мың теңгені өндіріп алды.

Б. Сүлейменовтың ақпаратына сәйкес, рейдтер нәтижесінде 71 килограмм заңсыз ауланған балық, резеңке қайық, 10 шақырымнан астам ұзындығы бар 16 ау тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны