06.01.2010, 14:27 3171

Шығыс Қазақстан облысында радиация деңгейі жоғары 43 тоннадан астам фарфор ыдысты енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Шығыс Қазақстан облысында радиация деңгейі жоғары 43 тоннадан астам фарфор ыдысты енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Семей. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Қытайдан радиация деңгейі жоғары 43 тоннадан астам фарфор ыдысты енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шығыс Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Бақты" кеден бекетінде фарфор ыдыстар тиелген үш автокөлік тексеруден өткен кезде "Янтарь-1А" атты бөлінгіш радиоактивті материалдарды табушы тұрақты жүйе іске қосылды. Жүйеде шекті радиациялық фонның артық екені тіркелді.

"Автокөліктерді қайталап тексерген кезде гамма-фон 0,42 мкЗв/сағ, ал табиғи фон 0,10 - 0,12 мкЗв/сағ, гамма сәуленің эквивалентті дозасының қуаты шектеулі деңгейден төрт есе артық болған", - деп хабарлайды департамент.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалпы салмағы 43 713 килограмм болып табылатын фарфор ыдыс Қытайдан Қазақстанға бір облыстық ЖШС-іне жеткізілуге тиіс болған.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту бөлімшелерінде бақылаушы органдар жүзеге асыратын әрекеттерді өзара үйлестіру және ықпалдастық жөніндегі нұсқамаға сәйкес аталған тауар тиелген автокөліктер Қытайға жүкті жіберушіге қайтарылды", - деп хабарлайды кеден бекетіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны