02.09.2009, 12:16 1588

Шығыс Қазақстан облысында Семей тұрғыны заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды - ІІД

Шығыс Қазақстан облысында Семей тұрғыны заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды - ІІД

Семей. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Семей тұрғыны заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД ақпаратына сәйкес, 29 тамызда сағат 02.30-да Бесқарағай ауданының Ертіс орман шаруашылығының айрықша қорғаудағы табиғи аумағында 25 жастағы Семей тұрғыны айдаған "Мазда" көлігі тоқтатылған.

"Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан тағы еліктің екі өлексесі, екі қолдан жасалған пышақ, 16-шы калибрлі екі мылтық табылған. Айғақзаттар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды полициядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны