16.06.2008, 16:10 2930

Шығыс Қазақстан облысында сот адамды тірідей өртемек болған тәртіп сақшыларына қатысты үкім шығарды

Шығыс Қазақстан облысында сот адамды тірідей өртемек болған тәртіп сақшыларына қатысты үкім шығарды

Семей. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында сот адамды тірідей өртемек болған тәртіп сақшыларына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"23 ақпан күні 6 сағат 30 минутта Глубокое кентіндегі аудандық ауруханаға денесі күйіп, басынан жарақаттанған Ордабаев есімді азамат келіп түскен. ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шаралырыың барысында мынадай жайтты анықтады: 23 ақпанға қараған түні Глубокое ауданының "Ертіс" шахтасының маңында үш полиция қызметкері мас күйінде Ордабаевты соққыға жыққан. Бұдан кейін олар оның үстіне жанармай шашып, от жіберген", -дейді баспасөз қызметіндегідер.

"Сот-медициналық сараптама құжатына сәйкес, жәберленушінің беті, мойны, кеудесі, іші, иығы мен аяғының 35% күйіп қалған. Бұл адамның өміріне қатер төндіретін, денсаулығына аса ауыр зиян келтіру белгілеріне жатады", -дейді ІІД-дегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жуырда Глубокое аудандық ІІБ-ның бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот жұртшылық алдында жариялы түрде өткізілді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 2-тармағы; 103-бабының 2-тармағы; 315-бабының 4-тармағы бойынша айыпты деп танылды.

Сот үкімімен С. Ойкенов 4 жылға, Р. Жаханов 2 жылға, С. Жоламанов 1,6 жылға жалпы тәртіптегі абақтыда жазасын өтейтін болып бас бостандықтарынан айрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны