18.05.2009, 18:19 2826

Шығыс Қазақстан облысындағы бір кеден бекетінің басшысына екі кісіні өлтіру қылмысын ұйымдастырды деген айып тағылды

Шығыс Қазақстан облысындағы бір кеден бекетінің басшысына екі кісіні өлтіру қылмысын ұйымдастырды деген айып тағылды

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысындағы бір кеден бекетінің басшысына екі кісіні өлтіру қылмысын ұйымдастырды деген айып тағылды. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитеті төрағасының орынбасары Бекет Аймағамбетов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысының ІІД қызметкерлері Семей қаласында Қытайдан әкелінген тауарды алғаны үшін ірі ақшалай соманы қайтармау мақсатында атыс қаруын қолданып, екі кісі өлтірген осы қаланың үш тұрғынын ұстап, қылмыстары әшкереленді. Өлтірілген адамдардың денесі қоқыс үйіндісінен табылды. Қылмыс құралы тәркіленді. Шығыс Қазақстан облысындағы бір кеден бекетінің басшысына осы қылмысты ұйымдастырды деген айып тағылды",- деді ІІМ өкілі.

Бекет Аймағамбетовтың хабарлауынша, "2009 жылғы 8 мамырда Шымкент қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері қылмыстық топ беделдісі мен оның екі мүшесін ұстлды, олардан "Калашников" автоматы, "ТТ" тапаншасы және жауынгерлікке айналдырылған газ тапаншасы алынды. Оның негізгі кіріс көзі өңірдегі ірі коммерциялық құрылымға криминалдық қолдау көрсету болып табылады. 2005 жылы "заңдағы ұрыны" қылмыстық жауапкершіліктен босату жөнінде ақша жинап, белсенді шаралар қабылдаған".

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратына сәйкес, 11 мамырда Қарағанды қаласында ірі партиядағы есірткі құралын сатқаны және атыс қаруын сақтағаны үшін белгілі әрі тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің жетекшісі ұсталды. Одан Макаров тапаншасы және салмағы 1 килограмнан астам "героин" тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны