27.07.2007, 11:04 3041

Шығыс Қазақстан облысының 400-ден астам тұрғыны полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданды

ӨСКЕМЕН. 27 - шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының 433 тұрғыны Ішкі істер департаментіне полицейлердің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 109 адамның ішкі істер бөлімдері қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасаған, олар алдын ала анықтау, тергеу және жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында заңсыз әрекеттерге барған. "Түскен барлық шағымдар бойынша тексерулер жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылды",- деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіндегілер.

Мекеменің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өскемен тұрғынына қатысты заңға қайшы іс-әрекеті үшін қалалық ішкі істер басқармасының екі қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылған. "Олардың әйелді қорқытып, одан ақша боспалағандығы туралы дерек расталды",- деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Ішкі істер департаментіндегілер құрылымға қолдау хаттарының да түсіп тұратындығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны