25.12.2007, 15:22 2570

Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшыларына "МИ-2" маркалы екі тікұшақ бөлінді

Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшыларына "МИ-2" маркалы екі тікұшақ бөлінді

Өскемен. 25 желтоқсан."Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшыларына патрульға шығу үшін "МИ-2" маркалы екі тікұшақ бөлінді, деп хабарлайды агенттік ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұндай тікұшақтар Астаны мен Алматы қалаларының ІІД қызметкерлерінің иелігінде ғана бар", -деді облыс әкімінің орынбасары Иван Белихин техниканы табыс ету рәсімінде.

Жеті орынға есептелген тікұшақтар заманауи техникамен жабдықталған. Радиостанциялары бар. Оларға ІІД, орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметі мен төтенше жағдайлар департаментінің жиіліктері орнатылған.

Икімшіліктің хабарлауынша, сондай-ақ, ""МИ-2" тікұшағының 1 сағат ұшуы облыстық бюджеттен 80 мың теңге бөлуді талап етеді. Ал облыс бойынша рейдтер күн сайын жүргізілмекші. Тікұшақтар орманды заңсыз кесу және браконьерлікпен шұғылданатын адамдарды анықтауда пайдаланылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны