16.09.2016, 17:32 4858

Шымкент қаласыныӊ әкімі мәслихат депутаттарына есеп берді

Сессия жиынында шаһар басшысы өткен жылы қала экономикасына жан-жақты талдау жасалынып, қаланыӊ 2020 ж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы дайындалғандығын жеткізді.

Шымкент. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Есепті жиынға облыс әкімініӊ орынбасары Ербол Садыр, халық қалаулылары қатысты. Сессия жиынында шаһар басшысы өткен жылы қала экономикасына жан-жақты талдау жасалынып, қаланыӊ 2020 ж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы дайындалғандығын жеткізді.

Осылайша, жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін қаланыӊ 2016 ж.бюджетіне жаӊадан 68 жоба (16,3 млрд.теӊге жоспарланған) енгізілгендігін айтып өтті. Осы жылдан бастап әкімдіктіӊ жұмыс жоспарына қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу, қала тұрғындарыныӊ қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру және қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция мен туристердіӊ санын арттыру міндеттері қойылып отыр. Осы мәселелерді толық қамтыған қала әкімініӊ есебіне қалалық мәслихат депутаттары оӊ баға берді.

Баяндамасыныӊ соӊында шаһар басшысы Елбасы Н.Назарбаевтыӊ сындарлы саясатыныӊ арқасында жыл өткен сайын үшінші мегаорталық-Шымкент қаласы бюджетініӊ өсіп келе жатқандығын айта келе, "Президент тапсырмасыныӊ жоғары деӊгейде орындалуына бар күш-жігерімді сала қызмет етемін",- деді.

"Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11 нысанныӊ құрылысына 7,4 млрд.теӊге бөлініп, қазіргі таӊда барлық нысанныӊ мердігерлері анықталып, 3,1 млрд.теӊгесі игерілді. Ал, халықты инженерлік жүйелермен қамту бағытында қала тұрғындары орталықтандырылған сапалы ауыз сумен 85, канализация жүйелерімен 41, газбен 86, ал, сапалы электр қуатымен 84 пайызға қамтылған. Биылғы жылы барлығы 47 инженерлік жүйелердіӊ құрылысына 18,6 млрд.теӊге қаржы бөлінді. Осы уақыт ішінде шаһарда 9 ауыз су құбырыныӊ құрылысы жүргізіліп, биыл оныӊ 7-уі пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 98 мыӊ халық ауыз сумен қамтылады. Ал, электрмен қамтамасыз ету бағытында 10 жобаныӊ құрылысы жүргізіліп, оныӊ алтауыныӊ құрылысы аяқталды. Осылайша бұл көрсеткіш 84 пайыздан 88 пайызға өсті. Газбен қамтамасыз ету бағытында жүргізілген 8 жобаныӊ 4 жобасы аяқталып, ел игілігіне берілді. 64 мыӊ халық орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны