29.01.2008, 19:23 3001

Шымкентте 17 жасар қыздан бір жарым килограмм героин тәркіленді

Шымкентте 17 жасар қыздан бір жарым килограмм героин тәркіленді

Шымкент. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте полицейлер бір жарым килограмм героин сатпақ болған кәмелеттік жасқа толмаған қызды ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл сатып алу барысында Шымкенттің бір жарым килограмм героин сатпақ болған тұрғынын ұстады",- деп хабарлады С. Қаракөзова.

Баспасөз хатшысының айтуынша, ұсталған қыздың үйінен бір жарым килограмм героин салынған дорба, сонымен қатар есірткі сатып алуға төленген белгі қойылған ақша табылған.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ворошиловкада тұратын қыз есірткі бизнесімен күрес басқармасының мәліметтер базасында есірткі сатушы ретінде есепке алынған. 2007 жылы ол осы тектес қылмысы үшін жауапқа тартылған.

Ұсталған қыздың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер есірткінің түсу арнасын анықтауда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны