30.06.2008, 16:24 6820

Шымкентте екі тәртіп сақшысы есірткі таратқаны үшін құрықталды

Шымкентте екі тәртіп сақшысы есірткі таратқаны үшін құрықталды

Шымкент. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік бсқармасының қызметкерлері ОҚО ҰҚКД-мен бірлесе отырып екі тәртіп сақшысын есірткі саудалағаны үшін қолға түстірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Еңбекші АІББ учаске инспекторы мен оның көмекшісі Шымкенттегі бір көшеде есірткі сатып жатқан кезде қолға түсті. Олардан 0,4 грамм героин тәркіленді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3 -тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-бабына сәйкес қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны