26.06.2012, 11:02 3180

Шымкентте пара алу кезінде полиция тергеушісі ұсталды

Шымкентте бопсалады деген күдікпен Абай аудандық ішкі істер бөлімінің 24 жастағы тергеушісі ұсталды.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Шымкентте пара алу кезінде полиция тергеушісі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте бопсалады деген күдікпен Абай аудандық ішкі істер бөлімінің 24 жастағы тергеушісі ұсталды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бүгінгі мәлімдемесіне сәйкес, тергеушіні ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен шара барысында ұстады.

Ол Сайрам ауданы тұрғынынан інісінің үстінен қылмыстық іс қозғамау үшін 75 мың теңге алу кезінде ұсталған.

Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеуші әйел уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны