21.07.2014, 20:39 3436

Шымкентте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының Деректерді өңдеу орталығы ашылды

Шымкентте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) ашылды. ДӨО Оңтүстік Қазақстан облысындағы электрондық үкімет бағдарламаларын әрі қарай дамыту үшін инфрақұрылым алаңы болады, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Шымкентте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) ашылды. ДӨО Оңтүстік Қазақстан облысындағы электрондық үкімет бағдарламаларын әрі қарай дамыту үшін инфрақұрылым алаңы болады, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Жалпы 200 шаршы метр алаңы бар деректерді өңдеу орталығы орталықтандырылған электрожабдықтауыш, кондиционерлеу, автоматты газды өрт сөндіру, күзет өрт дабылы, видеобақылау, сондай-ақ кешенді жүйе мониторингі және басқару жүйелерімен жабдықталған. Бұл орталықта бүгінгі күні 30 қызметкер еңбек етеді.

Деректерді өңдеу орталығы барлық халықаралық сапа стандарттарына және қауіпсіздіктің 4 деңгейінің 2-ші деңгейіне сәйкес келеді.

Бүгінде аталған жоба Шымкенттен басқа Қазақстанның 6 қаласында, соның ішінде: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен, Талдықорған қалаларында жүзеге асырылуы ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 2014 жылдың соңына дейін деректерді өңдеу орталықтарын Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Петропавл, Тараз және Алматы қалаларында пайдалануға тапсырылуы жоспарлануда. Жоғарыда айтылған жоба электрондық үкімет бағдарламаларын әрі қарай дамыту үшін инфрақұрылым алаңы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны