08.04.2008, 13:21 3636

ШҚО полиция қызметкерлері 800 көліктің "тұмшалауын" ашты

ШҚО полиция қызметкерлері 800 көліктің "тұмшалауын" ашты

Семей. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері көлік әйнектерінің шұмшалау-тонировкаларын жоюға арналған акциясы барысында 800 көліктің әйнектерін ретке келтірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.

"Акцияны өткізу кезінде ШҚО ІІД жол полициясы қызметкерлері 452 әкімшілік хаттаманы толтырып, 834 көлік әйнектерінің "тұмшалауын" ашты. Сондай-ақ, 172 көлікті пайдалануға тыйым салынып олардың мемлекеттік номерлері алынып тасталды ", -деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Ішкі істер департаментінің басшылары бірінші кезекте өздерінің жеке және мемлекеттік көліктеріндегі әйнектердің тұмшалауын алып тастады. Шын мәнінде жаман үлгіні басқалар тез қабылдап алатыны белгілі, сондықтан бұл жерде жақсы үлгі көрсетілді деп ойлаймын", - деп атап өтті баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Лариса Поломошнова.

"Бұл акция бір рет қана өткізіліп қоймай, жүз пайыз нәтижеге қол жеткізілгенге дейін жүргізілетін болады ", - деп атап өтті ШҚО ІІД бастығының орынбасары Берікбол Қасенов БАҚ берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны