30.01.2014, 19:32 3693

ШҚО-да тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұрғын үйлерге пилоттық режимде техникалық байқау мен жылуарналық түсірілім жүргізілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұрғын үйлерге пилоттық режимде техникалық байқау мен жылуарналық түсірілім жүргізілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

"Түсірілімнің нәтижесі бойынша қаланың жылу көзі жылу су желісін беруде өз қызметін мінсіз атқарып тұрғаны анықталды. Ал тұрғындардың тиісті дәрежеде жылуға қарық бола алмай отырғанының себебі тұрғын үйлердің өз ішіндегі ескі инженерлік коммуникация екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының мәліметінше, 2014 жылы тұрғын үйлердің энергоаудитіне бюджеттен 13,2 млн теңге бөлінген.

Айта кету керек, энергоаудит жұмыстары сыртқы жылу қаптамасы сапасының төмендігінен жылуға барынша мол қуат сіңіретін энергияны босқа шашатын ғимараттарды анықтау мақсатымен жүргізіледі. Сол себепті энергоаудит қорытындысы ғимараттардың жылу желілерінің сапасын арттыруды кеңес етеді.

"Энергоүнемдеудің тағы бір тиімді жолы коммуналдық қызметке есептегіш құрылғысын орнату. Бұл бірінші кезекте тұтынушыға тиімді. Өйткені ол кезде энергия үнемделіп, артық шығын шықпайтын болады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, тұрғындардың көпшілігі есептегіш құрылғыларын орнатып алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны